Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі төмендегіні хабарлайды.
Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін психологиялық көмек 1411 тегін бірыңғай қысқа нөміріне қоңырау шалып, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың психологиялық көмек және консультация алу үшін кезекті брондау мүмкіндігі бар.
Мүгедек-балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға онлайн-психологиялық кеңес беру Қазақстан-Ресей медициналық университетінің мамандарымен жүзеге асырылады.
Толық ақпаратты 1411 телефоны бойынша алуға болады. Сіз, қалалық және ұялы телефон арқылы қоңырау шала аласыз. Қоңырау шалу – тегін.
Онлайн-психологиялық кеңес алу үшін
* Интернтке қосылған компьютер;
* Веб-камера;
* Компьютерге қосылған микрофоны бар құлаққаптар немесе динамиктер;
* Бейнелі Skype арқылы алмасу бағдарламасы болу тиіс;
Қосылу Skype (скайп атауы) адресі : krmu 1411