Электроника

 

11 | 12 | 2019
Тексеру тізімі
Жадынама
Сайт мәзірі
Пайдалы сілтемелер
Үкімет құжаттар
Оралда райы

Прогноз погоды в городе Уральск

ММ «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» Мейірім
http://meirimhouse.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/slides.1gk-is-132.JPGlink
http://meirimhouse.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/slides.2gk-is-132.JPGlink
http://meirimhouse.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/slides.3gk-is-132.JPGlink
http://meirimhouse.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/slides.4gk-is-132.JPGlink
http://meirimhouse.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/slides.5gk-is-132.JPGlink

1. Азаматтарды қабылдау кестесі:

                       Сейсенбі  1500-1700

                       Жұма     1500-1700

 

2. Санитарлық –ағарту жұмыстары

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

ЗАҢНАМАСЫНЫҢ НОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ

ЖАДЫНАМА

Орал — 2013

Алғы сөз

Осы жадынама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 — 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 15-тармағына сәйкес әзірленген.

Басылым мемлекеттік қызметшілер үшін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет мәселелерімен шұғылданушылардың барлығына арналған.

Жадынамада сыбайлас жемқорлықтың ұғымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда азаматтардың әрекет ету тәртібі, мұндай фактілерге жәрдемдесу үшін жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылып жатқан іс-әрекет жөнінде мәліметтер туралы ақпарат берілген.

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет

Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.

Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады.Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.

Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі деп көрсетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйелі, бағдарламалық негізінде құрылады. Біздің елімізде бес жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарламаларқабылданады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31наурыздағы №308қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 — 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Аталған бағдарламаның аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты жоғарылату және көлеңкелі экономика деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың түрлері және оларды жасағаны үшін жауапкершілік

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға (бұдан әрі — Заң) сәйкес мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы  «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады.

Заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкімшілік және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар  (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары) болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық субъектiлерiне мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар жатады.

2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:

1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.

3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:

1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;

2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері;

3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;

4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестіріледі.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге-де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерi Қылмыстық кодекспен (бұдан әрі — ҚК) көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдар мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтарды алған жағдайда, мынадай қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстарға жатады:

мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адамдар жасаған сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса (ҚК 176-бабының үшінші бөлігі г) тармағы);

мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам жасаған алаяқтық, егер ол өз қызмет бабын пайдаланумен ұштасса ( ҚК 177-бабының үшінші бөлігі г) тармағы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкі­летті адам не оған теңестірілген адамжасаған жалған кәсіпкерлік, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жа­саса (ҚК 192-бабының екінші бөлігі в) тармағы);

мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам жасаған заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса (ҚК 193-бабының үшінші бөлігі а) тармағы);

мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам жасаған экономикалық контрабанда, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса (ҚК 209-бабының үшінші бөлігі а) тармағы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам жасаған рейдерлік, егер ол оның қызмет бабын пайдаланумен ұштасса ( ҚК 226-1-бабыныңүшінші бөлігі б) тармағы);

қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану (ҚК 307-бабы);

өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану (ҚК 308-бабының төртінші бөлігі в) тармағы);

кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу (ҚК 310-бабы);

заңды кәсiпкерлiк қызметке кедергi жасау (ҚК 310-1-бабы);

пара алу (ҚК 311-бабы). Сонымен қатар, егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның бiрiншi рет сыйлық ретiнде мүлiк, мүлiкке немесе өзге мүлiктiк пайдаға құқық алуы бұрын жасалған заңды әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз екендiгiне байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік ретпен қудаланады;

пара беру (ҚК 312-бабы). Пара берген адам, егер мем­ле­кеттік функцияларды атқаруға уә­кілетті адамның не оған теңестірілген адамның тарапынан оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, қыл­мыс­тық жауаптылықтан босатылады;

парақорлыққаделдал болу (ҚК 313-бабы);

қызметтiк жалғандық жасау (ҚК 314-бабы);

қызметтегi әрекетсiздiк (ҚК 315-бабы);

билiктi терiс пайдалану (ҚК 380-бабы);

өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану (ҚК 380-1-бабының екінші бөлігі в) тармағы);

билiктiңәрекетсiздiгi (ҚК 380-2-бабы).

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылықмынадай әкімшілік құқық бұзушылық түрлерін қамтитын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен (бұдан әрі — ӘҚБтК) көзделген:

қаржы бақылау шараларын бұзу, яғни, кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi қасақана бермеуі немесе толық емес, жалған мәлiметтер бергені (ӘҚБтК 532-бабы);

жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы бергені (ӘҚБтК 533-бабы);

мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның заңсыз материалдық сыйақы алғаны (ӘҚБтК 533-1 бабы);

заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы бергені (ӘҚБтК 534-бабы). Сонымен қатар, мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, өзге-де материалдық игiлiктер берген, қызметтер көрсеткен, жеңiлдiктер мен артықшылық жасаған жеке, заңды тұлғалар, егер мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның немесе оған теңестiрiлген адамның тарапынан өздерiне қатысты бопсалау орын алған болса немесе осы жеке, заңды тұлғалар болған жағдай туралы құзiреттi органдарға он күн мерзiм iшiнде өз еркiмен мәлiмдесе, жауапты болмайды;

мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы (ӘҚБтК 535-бабы);

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк органдар басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге-де лауазымды адамдарының шара қолданбағаны (ӘҚБтК 537-бабы);

бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағаны (ӘҚБтК 537-1 бабы) үшін көзделген.

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын мынадай құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, егер оларда қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге-де түрде босатуға не заңда белгiленген тәртiппен өзге-де тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады:

1) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу;

2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану;

3) мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарға, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық даму институттарына, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларға қызметке тұратын және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық).

4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;

5) кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге-де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;

6) мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;

7) берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;

8) жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;

9) мемлекеттiк қаржы мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорларына беру;

10) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың және олардың құзыретiне кiретiн өзге-де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн бірнеше рет бұзу;

11) жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;

12) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау;

13) кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;

13-1) мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттерін мемлекеттік органдық мәртебесі жоқ ұйымдарға беру;

14) қызметi немесе жұмысы бойынша жоғары немесе төмен тұрған, не өздерiне өзге-де түрде тәуелдi лауазымды адамдардың ақша немесе басқа да мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу;

15) егер заңнамада көзделмесе, өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге-де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша қаражаты, сондай-ақ осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып, тиiстi мiндеттерiн атқаруына байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi салық органына мұндай қаражат түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиiс;

16) өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызметіндегі енжарлығы үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.

Аталған адам бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып тиiстi мiндеттердi атқаруына байланысты алған сыйлықтары жетi күн мерзiм iшiнде арнайы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзiлуі тиiс, ал адамға осындай жағдайлар кезiнде көрсетiлген қызмет үшiн республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төленуі тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен адам жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерлерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша қаражатын арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады;

17) жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен;

егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк әрекетiнiң мәселелерiн қозғамаса, өзге-де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарының арасындағы өзара уағдаластыққа сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;

жоғары тұрған лауазымды адамның, не органның келiсiмiмен ұйымдардың қаражаты есебiнен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық шараларға қатысу үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде сондай ұйымдардың жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге-де сапарларға шақыруды қабылдау;

18) несиелер, қарыздар, бағалы қағаздар алуда, жылжымайтын және өзге-де мүлiктер сатып алуда заңнамада көзделмеген артықшылықтарды пайдалану.

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның отбасы мүшелерiнiң аталған адам қызметi бойынша байланысты шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен сыйлықтар мен қызмет, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге-де сапарларға шақыруды қабылдауға құқылы емес. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адам немесе оған теңестiрiлген адам жетi күндік мерзiм iшiнде өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзуге және республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы өз отбасы мүшелерi заңсыз пайдаланған қызмет құнын өтеуге мiндеттi.

Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтарды қайталап жасау заңда белгiленген тәртiпте қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге-де түрде босатуға әкеліп соқтырады.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдар

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, қаржы және әскери полициясы органдарымен жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы ауызша хабарламалар және жазбаша арыздар қылмыс жасалған уақыты мен орнына қарамастан құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады.

Сізден хабарлама (арыз) алуға бас тартқан жағдайда, бұл заңсыз әрекеттерге жоғары тұрған инстанцияға (аудандық, облыстық, республикалық) шағымдануға,сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқыққа қайшы әрекеттеріне құқық қорғау органдары қызметінің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын прокуратура органдарына шағымдануға құқылысыз.

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары заңмен белгіленген өкілеттіктері шегінде жедел-іздестіру қызметін, алдын ала тергеу мен анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге-де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар болып табылады.

Қаржы полициясы органдарының Орталық аппараты Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (бұдан әрі – Агенттік), ал жергілікті органдар – барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда әрекет ететін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттері (қаржы полициясы) болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездескен жағдайда азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекет ету тәртібі

Мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік мекеме немесе ұйымға жүгінуінің алдындааталған органның жұмыс тәртібін, Сізге қажет мемлекеттік қызметті көрсетудің стандартын және билік органы мен лауазымды тұлғалар қызметінің басқа да аспектілерін зерделеп алған жөн.

Әр министрлік, ведомство, әкімдік, сондай-ақ мемлекеттік мекеме мен ұйым бойынша тиісті ақпаратты e.gov.kz электрондық үкімет порталы немесе аталған органдар мен мекемелердің ресми Интернет-ресурстарында тауып алуға болады.

Сізге көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызмет оны көрсетудің ресми стандартына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ құқық шегінен шыққан мемлекеттік органның лауазымды адамдары тарапынан анық бюрократизм мен былық орын алғанда Сіз аталған орган және мекеменің басшылығына жүгініп оларға бағынышты лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдануға құқылысыз.

Сонымен қатар мемлекеттік орган мен мекеменің лауазымды адамдарының Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі шегінен шыққан әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жергілікті органына, прокуратура органдарына немесе сотқа шағым бере аласыз.

Есте сақтаңыз! Пара беру қылмыс болып танылады және заңмен қудаланады!

Егер-де Сіз кез келген мәселе бойынша мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларына өтініш жасау барысында ақша қаражатын, құндылықтарды қорқытып алу және сыбайлас жемқорлықтың басқа да көріністерімен кездескен жағдайда мынадай тәртіпте әрекет етіңіз:

1. Әңгімешіні ілтипатпен тыңдап Сіздің алдыңызда қойылған және қажеттілігіңіздің қанағаттануына мүмкіндік беретін шарттарды есіңізге анық сақтап алыңыз (соманың көлемі, тауардың атауы, жұмыс пен қызметтің сипаты, кездесудің уақыты мен жері және т.б.);

2. Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы қаржы полициясы органдарына хабарлаңыз, ол үшін:

Қазақстан Республикасының барлық аумағында 1494 ақысыз желісі бойынша қоңырау шалу;

қаржы полициясы органынажүгініп арыз жазу;

қаржы полициясы органдары басшылығының қабылдауына жазылу қажет.

Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерімен жасалған құқық бұзушылықтар туралы Департаменттің Ішкі қауіпсіздік бөліміне 8 (7112) 98-47-32 телефоны арқылы хабарлай аласыз.

Қылмыс жасағаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткізу, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптау,қылмыстық жауаптылығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабымен көзделген жеке қылмыс құрамын құрайтынды атап өту қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа жәрдемдесу үшін жауапкершілік

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес екi немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бiрлесiп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.Ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесушi орындаушымен бiрге қылмысқа қатысушылар деп танылады.

Кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскердi, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың iзiн не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күнi бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күнi бұрын уәде берген адам көмектесушi деп танылады.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа жәрдемдесу қылмыс деп танылады, ал сыбайлас жемқорлық қылмысының жасалуына жәрдемдескен адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуына тиіс.

Бұдан басқа, адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау қылмыстықжауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай деп танылады (ҚК 54-б.).

Осымен бірге пара алушыға және пара берушiге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе iске асыруға жәрдемдесу,жауаптылығы ҚК 313-бабымен белгіленген (Парақорлыққа делдал болу) және басқаларымен қатар 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтінжеке қылмыс құрамын құрайтынды атап өткен жөн.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдарға

тиіспеушілік кепілдіктері

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге-де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады.

Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күреске жәрдемдестін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кедендік және шекаралық қызмет, қаржы полициясы мен әскери полиция органдарының немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгіленген тәртіппен ғана табыс етіледі. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге-де жолмен жәрдемдескен адам Қазақстан Республикасының заңдамасына көзделген тәртіппен көтермеленеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1077 Қаулысымен

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге-де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекітілді (әрі қарай Қағидалар).

Осы Қағидаларға сәйкессыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге-де түрде жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.

Ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауыр қылмыстық істер бойынша — 70 АЕК;

5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы аса ауыр қылмыстық істер бойынша — 100 АЕК.

Көтермелеудің шарттары, негіздері және тәртібі:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесу:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыс жасау фактісі туралы хабарлауды;

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты немесе қылмысты анықтау, жолын кесу және ашу үшін кейіннен маңызы болған өзге-де жәрдем беруді қамтиды.

Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты:

1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;

2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;

3) ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана төленеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемкорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жоғарыда аталған ережелер көрінеу жалған ақпарат хабарлаған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап беруге тиіс адамдарға қолданылмайды.

Ауысу тілдер
Басшы блогы
День независимости

Logo 25 KZ

РЦРЗ

kz1

ОСМС

image002

 

Жаңғырту 3.0

mod kz

marta

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан-2050 стратегиясы

Ақпараттық жүйе «Параграф»

Біз сайтта Орал бар

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» туралы

Экспо 2017

expo2017 logo 0x0 f31

Expo 2017

expo2

Expo 2017

expo1